Abstract:
Бұл мақалада жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының даму тарихы мен қазіргі жетістіктері талқыланады. Алан Тьюрингтің көзқарастары мен Тьюринг сынағы жайлы баяндалады. ЖИ технологияларының әртүрлі түрлері мен олардың мүмкіндіктері талданып, білім берудегі ЖИ-дің басты артықшылықтары қарастырылады. Сондай-ақ, заманауи ЖИ модельдерінің түрлері мен олардың қолдану салалары қарастырылады. Мақала ЖИ дамуының болашақ мүмкіндіктерін және оның адам өміріне әсерін зерттеуге арналған.