Abstract:
Бұл мақалада математика сабақтарында оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін бағдарланған есептерді оқытудың рөлі қарастырылады. Талдауды, синтездеуді және дәлелдеуді талап ететін есептерді пайдалану математикалық ұғымдарды жақсы меңгеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, қазіргі заманғы жағдайларда табысты бейімделу үшін қажетті сыни ойлау дағдыларын қалыптастырады. Мектеп оқушыларында осындай дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін әдістер мен тәсілдерге ерекше назар аударылды.