Abstract:
Мақалада ізі нөлге тең матрицалар жиынында 𝑋2 = 𝐴 түріндегі матрицалық теңдеулерді шешу қарастырылады. Мұндай теңдеулерді шешу — сызықтық алгебра мен матрицалық анализ саласындағы маңызды есептердің бірі, себебі олардың шешімдері матрицалық квадрат түбірлердің болу шарттары мен қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Мақалада алдымен матрицаның ізінің қасиеттері және оның квадрат түбірлерінің ерекшеліктері талданады. Кейіннен 𝐴 матрицасының квадрат түбірін табу жолдары ұсынылады. Сонымен қатар, шешімнің болуы немесе болмауы жағдайлары, сондай-ақ ерекше және жекелеген жағдайлардағы шешімдер талқыланады. Зерттеу нәтижелері матрицалардың квадрат түбірін есептеу алгоритмдерін жетілдіру және оларды түрлі қолданбалы есептерде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.