Abstract:
Біздің өміріміздің түрлі аспектілерінде стереометриялық принциптер мен заңдылықтар байқалады: ғимараттардың архитекторлық шешімдерінен бастап, күнделікті заттардың пішіндеріне дейін. Математикалық сауаттылық аясында стереометрияның оқытылуы оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуда, оқушылардың аналитикалық жане логикалық дағдыларын қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады. Математикалық сауаттылық – бұл күрделі әлемде саналы шешім қабылдау үшін қажетті қабілет, ал стереометрия болса осы қабілетті дамытуға арналған ерекше құрал. Бұл мақалада стереометрияның оқушылардың кеңістіктік ойлауын жетілдірудегі рөлі және оны математикалық сауаттылық пәнінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.