Abstract:
Мақалада мектеп математика курсындағы тригонометрия бөлімінің бағдарламаға сай оқытылу мәселесі қарастырылған. Кіріспе бөлімінде тригонометрияның шығу тарихы және қай салаларда қолданылатыны айтылған және тригонометриялық теңдеулер жүйесінің анықтамасы берілген. Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешуді жеңілдететін бірнеше қағидалар мен идеялар қарастырылды. Сондай-ақ 10 сыныптың «Алгебра және анализ бастамалары» оқулықтары және осы оқулықтарда қарастырылатын тригонометриялық теңдеулер жүйесі тақырыбы бойынша
салыстырулар жүргізілді. Салыстыру барысында қарастырылған оқулықтардың зерттеу тақырыбы бойынша қай оқулық оқушыларға есеп шығаруда тиімді екені көрсетілген және осы оқулықтарда қарастырылған тақырып бойынша тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешуде қолданылатын әдістер атап көрсетілді. Тригонометриялық теңдеулер жүйесінің шешу әдістерінің мәнін ашу
мақсатында әр әдіс үшін есептер қарастырылып, осы есептерді шығару жолдары көрсетілген. Мысалдар қарастыру барысында оқушыларға есеп шығаруда тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу әдістерінің тиімді жолдары көрсетіліп және қарапайым тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу жолдары мен оларды оқушылардың өз бетінше шешу мүмкіндіктері қарастырылған. Математика курсында іс жүзінде аз қолданылатын теңдеулер жүйесін шешу әдістер жан-жақты
зерттелді. Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу әдістерінің тиімділігі оларды қолданып есептерді шығару арқылы айқындалды. Қорытынды бөлімде мұғалімдердің әдістемелік тәжірибесінің нәтижелері жинақталды, онда оқушылар «Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу әдістері» тақырыбында есептерді шешуге машықтанды және мұғалімдер оқушылардың теідеулер жүйесін шешуге болатын қабілеттерін анықтады.