Abstract:
Цифрлық білім беру ресурстары арқылы тұлғаның математика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын арттыру. Бақылау, әңгімелесу, алгоритм құрастыру, цифрлық ресурстардың әдістері (Plickers,Wordwall, Сospaces, LearningApp) бойынша тапсырмаларды орындауға оқушылардың қатысуын талдау, берілген тақырып бойынша цифрлық ресурстардың тапсырмаларын орындалу сапасын талдау, оқушылардың қызығушылығын арттырып, деңгейін көтеру. Математикалық білім беру
тұжырымдамасында жылдан-жылға сапалы математикалық білім қоғамда лайықты орын алады. Негізгі математикалық дайындықсыз қазіргі адамның білімін бағалау мүмкін емес. Бүгінгі таңда қазіргі әлемде жаңа технологиялар қарқынды дамып келеді. Заманауи мұғалім болу үшін цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа тәсілдермен сабақ беру керек.