Abstract:
Қазіргі заманда білім беру саласында цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану өзекті қажеттілікке айналды. Бұл мақалада цифрландыру мен жасанды интеллекттің білім беру процесіндегі рөлі, оның ішінде мектеп деңгейінде қолданылуы қарастырылады. Оқытудың цифрлық платформалары, жобалау әдістері, виртуалды және қосымша шынайылық, 3D модельдеу
және интеллект карталар секілді құралдар оқу сапасын арттырып, білім алушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытады. Осы тәсілдер арқылы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін білім беру жүйесіне енгізудің өзектілігі, оның оқыту процесіне оңықпалы баяндалады.