Abstract:
Ыбырай Алтынсарин мен (1841-1889) Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) ғылым, білім жайындағы өлеңдері де (Ыбырай: «Бәріміз бір адамның баласымыз», Шәкәрім: «Ойласаң, барша адамзат – туған бауыр», Ыбырай: «Өнер- білім бәрі де оқуменен табылған», Шәкәрім «Үйренсе ғылым менен сан өнерін, білер еді-ау өнердің не берерін»...), дін, тіл, діл, жанды-жансыз, жаратылыс, тіршілік, ақыл, сана төңірегіндегі ой-пікірлері де көбіне-көп бір арнада тоғысып, бірін-бірі толықтырып жатады.