Abstract:
Бұл мақалада қазақ тіл ғылымының көрнекті өкілі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздықтың қазақ тіл білімін орны, бағыттарымен зерттеу алатын орны, ғалымдық тұлғасы сөз болады. Ол ғалым ретінде де, адамдық болмысы жағынан да қайта-ланбас тұлға. Академик тынымсыз ізденісі арқылы тіл білімі ғылымының өзекті мәселелері қатарында аталатын әдеби тіл нормаларымен олардың қалыптасу ерекшеліктері, тіл мен сөйлеу мәдениетінің нормативті қалыптары, жазу мен емле заңдылықтары, А.Байтұрсынов және тіл білімі мәселелері, Абай тілінің ерекшеліктері, түркітану мәселелері, тарихи лексикологияның негізгі қырлары, көркем мәтін лингвистикасы және оны талдау, тіл білімінің жаңа бағыттарысекілді тілдік проблемаларды көтеру арқылы жалпы теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды тұжырымдары тілдің зерттелуіне үлкен үлесін қосқан.