Abstract:
Мақалада қазақ халқының ұлттық киімдері мен әшекей бұйым-дарының этнолингвистикалық сипаты қарастырылады. Ұлттық киімдер мен әшекейлер – қазақ мәдениетінің маңызды бөліктері ғана емес, сонымен қатар ұлттың салт-дәстүрі, дүниетанымы, әлеуметтік мәртебесі, жас ерекшелігі туралы ақпарат беретін мәдениет коды ретінде танылады. Қазақ халқының киім үлгілері мен әшекей атаулары тілдегі көптеген лексикалық қабаттарды, көнерген сөздерді және олардың мағыналық ерек-шеліктерін сақтайды. Киім мен әшекей атауларының шығу төркіні, олардың әртүрлі мәндері мен семантикалық өзгерістері этнолингвистикалық тұрғыдан талданып, ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі ретінде сипатталады.