Abstract:
Метафора – затты не құбылысты ажарландыра түсу үшін өздеріне ұқсас өзге затқа балау, мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп әсерін күшейту. Ертеде метафора троптың бір түрі ретінде ғана танылғанымен, қазіргі таңда өрісі кеңейіп, көпфункциялы құрал ретінде зерттеліп жүр. Аталған мақалада метафора жайлы зерттеулер жинақталып, оның көркем шығармадағы қолданысы талданған.