Abstract:
Өз кезінде осындай бағасын алған ақын Ф.Оңғарсынова лирикасы – қазақ әдебиеті майданындағы үшан теңіз дүние. Ақынның сан салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян. Ф.Оңғарсынованың әр тақырыптағы лирикалық шығармалары, ондағы кейіпкерлер әлемі, яғни лирикалық қаһарман мәселесі, ақындық шеберлік сырлары әр адам ақтырары айдан сөзсіз де анық. Сондықтан осы мақсатта еңбек еткен ақын Ф.Оңғарсынова лирикасындағы әйелдер болмысы талданып, пайымдау жасау мақсатында мақала жұмысының тақырыбы етіп алынды. Өнерпаздық тұлғасын дүйім жұрты танып - білген, елі мен халқына қадірі артқан, табиғат сыйлаған тала тапылған поэзия тарланбоздарының шығармашылык өрнелік мұратқа айналып, зерттелуінің өзі – ғұмырлық рухани таным занды құбылысты, 60 жылдары әдебиет әлемінің айшықты жанры - поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі Фариза Оңғарсынова болатын. Ф.Оңғарсынова өнерпаздығының басты өлшемі оның лирик ақын мен ерекшеленеді. Жалпақ жұрттың жанына жағып, жүздеген қырманын жырымен жылытып, ойға - ой, ақылға - ақыл қосып, жүрекке жалын беріп келе жатқан өлең иесінің поэзиялық мұрасы, соның ішіндегі өлендеріндегі өмір көрінісін берген қырлы суреттері талданып, мақаланың тақырыбы барынша ашылды.