Abstract:
Автор өз мақаласында мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз деп баяндайды. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді деп тәжірибесімен бөліседі. Өзінің тәжірибесінде инклюзивті оқушымен жұмысын ортаға салады. Психикасы жағынан ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету барысында оқушыларға ойын тренингтер, сауалнама, ойын -терапия өқткізудің маңызы зор деп тұжырым жасайды.