Abstract:
Инклюзивті білім беру үрдісі ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, спалы білім беру ортасына ерекше білім алуды қажет ететін балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды көздейді. Сол себептен нклюзивті білім беруде әр баланың ерекшелігіне сай танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамытатын тиімді әдіс-тәсілдер қолданылдану қарастырылады.