dc.description.abstract |
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екені белгілі. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің міндеті – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан–жақты дамуына ықпал ету, бұл мұғалім тарапынан шығармашылық ізденіс пен үлкен сұранысты талап етеді. Бұл мақаланың мақсаты қазақ тілі сабақтарында білім беру ресурстарын тиімді пайдалану және цифрландыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Мақалада білім беру ресурстарын пайдалану тәжірибесінің нәтижелері және олардың білім беру процесіне әсері сипатталған. Білім беру ресурстарының көмегімен жүзеге асырылатын оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады деген қорытындылар жасалды. |
en_US |