Abstract:
Бұл мақалада сандық технологияның қажеттілігі мен білім берудегі негізгі мәселелер талқыланады. Сандық технологиялар жалпы білім беру жүйесінде парадигмалық өзгерістер енгізуде. Ол тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар ақпаратты өңдеуші, қадағалаушы және бағалаушы. Бүгінгі күннің оқу үрдісінде қағаз бен қаламның орнына әртүрлі бағдарламалық құралдар мен көрнекіліктер қолданылуда. Қазіргі уақытта білім берудегі технологиялық жетілдірулер оқушылардың білім алу үрдісін едәуір жеңілдетті.