Abstract:
Мақалада Қостанай ФМБ НЗМ тарих пәні мұғалімдерінің бірлесе жүргізілген зертеу жұмысы қарастырылады. Мақала орта буын мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыс шеңберінде жұмсақ дағдыларды дамыту мәселесін зерттеуге арналған. Тарихи контенттегі Instagram аккаунты жұмсақ дағдыларды дамыту құралы ретінде анықталды. Мақалада зерттеудің әдістемесі қарастырылады, зерттеу барысы талданып, сонымен қатар қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі.