Abstract:
Мақалада PBL (Problem–Based learning) проблемалық оқыту технологиясының теориялық негіздері мен практикалық қолданылуы қарастырылады. PBL–дің ерекшелігі – проблемалық жағдайлардан шығудың жолын іздеу барысында FILA кестесін (Facts, Idea, Learning Issues, Action Plan) толтыру. Бұл технологияның география сабақтарында қалай жүзеге асыруға болатындығы, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуда бұл технологияның артықшылығы қандай екендігі туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар, сабақта зерттеу жүргізуде мини–эсселердің артықшылықтары талданады.