Abstract:
Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы басым бағыттарын PISA, PIRLS, TIMSS үдерістерімен сәйкестендіру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту өзекті де басты мәселе болып отыр. Бұл мақалада функционалдық сауаттылыққа бағытталған оқушыны қалыптастыру жолдары зерделенген. Функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының қоғамда өз орнын таба алуына игі ықпал ететін басты тірек болады.