Abstract:
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан–жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллек-туалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін–өзі дамытып, оқу–тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.