Abstract:
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан–жақты жетілген,ақыл парасаты мол, мәдени–ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу кезек күттір-мейтін іс екені сөзсіз. Мақалада тәрбие оқытумен тығыз байланысты екені, білім алу танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерді арттыратыны,адалдық, табандылық және өзіне қойылатын талапшылдық қасиеттерінің қалыптасуына себеп болу арқылы тәрбие деңгейінің артуына ықпал етуі айтылады.