Abstract:
Ы. Алтынсарин тәлім–тәрбиенің ХХІ ғасырдағы өзекті тақырыптарының бірі – әлеумет-тендіру мәселесін сол кезде–ақ көрегендікпен көтере біліп, өз заманына лайықты нақты шешу жолдарын да таба алған. Ағартушы ұйымдастырған оқу орындары сапасы жағынан сол кезеңдегі озық орыс оқу орындарымен иық теңестіре алатын. Сондықтан да өз заманында Ыбырайды жаңашыл әдіскер ұстаз, ғалым этнограф, саралы ақын, сарабдал жазушы, қазақтың балалар әдебиетінің негізін салушы, қазақтың зайырлы мектеп жүйесінің ірге тасын қалаушы, асқан дипломат ретінде таныды.