Abstract:
Мақалада Ы. Алтынсариннің тарих жайындағы ой пікірлері, тарихи шығармалары жайында әңгіме болады. Қазақта тұңғыш тарихи әңгімелер жазып, өткенімізге, әлем тарихына үңілген, оған ерекше мән берген алғашқы қарлығаштардың бірі – Ы.Алтынсарин.Ұлы ұстаздың өлеңді де, прозалық шығармаларын да тәрбие құралы ретінде жас жеткіншектерге үлгі–өнеге боларлық үгіт–насихаттық бағытта публицистикалық үнмен жазғаны белгілі.