Abstract:
Мақалада Ы.Алтынсариннің балаларға арналған оқулықтар жасау, бай мұра қалдыру және ауызша әдебиет үлгілерін өз шығармашылығының берік негізіне айналдыру жолында қажырлы еңбек еткені туралы айтылады. Ұлы ағартушы–ұстаздың даналығы–ауызша әдебиет үлгілеріне жүгініп, халықтың рухани игілігі деп саналатын осындай шығармаларды өз бетінше жинады, халықтың санасында тоқылған бай мәдени мұраны өзінің педагогикалық, ағартушылық идеяларымен үйлесімде қолданды.