Abstract:
Рухани–адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы ғұламалар, ұлы ағартушы–педагог Ыбырай Алтынсарин өз еңбекінде құнды ой–пікірлерін болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Ғасырлар қойнауынан жеткен жәдігерлердің өнегелік сипаттарын, тәлімдік тәсілдерін тиімді қолдансақ, ғибраттың нағыз кайнар көзінен сусындаймыз. Ағартушы–жазушы-мыз–кемеңгер ғұлама ұстаз Ы.Алтынсарин еңбектеріңде баланы елін, жерін сүюге, табиғатты аялауға, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа, еңбек етуге тәрбиелеудің ұлттабиғатына лайық небір тамаша әдістері ұсынылады. Ы.Алтынсарин адам тәрбиесіне зор мән берген.