Abstract:
Троицк орыс–қазақ бастауыш мектебі – патшалық заманда Қостанай өңірінде ашылған алғашқы оқу орны. Мақалада Троицк мектебінің ашылу тарихы, онда қызмет жасаған ұстаздар –Н. Мұнсызбаев, М. Байжиенов, Ә. Балғымбаев, А. Байтұрсынұлы туралы, мектепті Қостанайға көшіруге елеулі үлес қосқан ағартушы Ы.Алтынсариннің еңбегі, мектептің қазіргі мұрагері жайындағы деректер талданады.