Abstract:
Мақалада мектептегі ұлттық құндылықты оқушылар бойына сіңіру жолдары сөз болады. Әлеуметтік педагог пен логопедтің қосатын үлесі баяндалады. Баланың бойындағы ар–ұяты, ақыл–ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым–қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер деген қазақ мақалына назар аударылады. Сондықтан авторлар отбасының, ата–ананың бала тәрбиесіндегі рөлін ашып көрсеткен.