Abstract:
Осы мақаланың өзектілігі қазіргі қоғамның рухани–адамгершілік, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау барысында оларды адамгершілікке тәрбиелеудің және өздерінің азаматтық ұстанымдарын анықтаудың тиімді жолдарының бірі ерікті қызметке ықпал етеді. Осыған байланысты, бұл мақала студенттерді еріктілер қозғалысына тартудың өзекті мәселесіне арналған.