Abstract:
Бұл мақалада біздің айтпағымыз–педагог пен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас туралы болмақ. Қызметті жаңадан бастаған жас мұғалімдер үшін табысты
жұмыс істеуге тек пәндік және психологиялық-педагогикалық білім ғана емес,қарым-қатынас жасау қабілеті қажет екендігі бірден байқалады. Сіз осындай қарым-қатынасқа дайынсыз ба?! Көптеген адамдарға бұл сұрақ оғаш болып естілуі мүмкін: біз үнемі араласамыз, байланыссыз өмірді елестету мүмкін емес. Бірақ жауап беруге асығудың қажеті жоқ.
Әңгіме кәсіби педагогикалық қарым-қатынасқа дайындық туралы айтылып отыр, ол төмендегілер арқылы анықталады: қарым-қатынас педагогикасының негіздерін білу; қарым-қатынасты ұйымдастыру және өзінің психикалық жағдайын басқару дағдыларын меңгеру; мұғалімнің белгілі бір адамгершілік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Осы көкейкесті мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, ғылыми тұрғыда негізделеді.