Abstract:
Бүкіл әлемде гельминттер әрбір екінші адамдарда және жан-жануарлар кездеседі. Қазіргі уақытта гельминттерге қарсы дәрі-дәрмектер жасау өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Гельминттерге қарсы препараттарды жасауда ең жылдам әрі ең тиімді әдістер жоқ және гельминттерге қарсы ең белсенді қосылстарда аз.
Гельминттер – адамдар мен жан-жануарлардың организмінде кездесетін паразиттік құраттар болып табылады. Бүкіл әлемде паразиттік құраттардың 300-ге жуық түрлері бар. Паразиттік құрттар топырақта, ағын суларда, термиялық өңделмеген азық-түліктерде тіршілік етеді.
Гельминттер көбінесе жас балалар организмінде кездеседі және түрлі ауытқуларға алып келеді. Бұл паразиттік құрттар әсерінен болатын ауруды гельминтоз деп аталады.
Гельминтоз – өткір инфекциялық және паразиттік аурулар болып табылады. Ол адамдар мен жан-жануарлар организміне енген кезде паразиттік құрттар пайда болады.
Ағзаға гельминт жұмыртқалары енген соң бір апта ішінде дамып, өседі. Адам мен жануарлар ағзасынадағы гельминтоз ауруының белгілері 2-4 аптада байқала бастайды. Алты апта ішінде паразиттік құрттар толық дамып жетіледі.
Гельминттерге қарсы көптеген препараттар болғанымен әсері аз болғандықтан жаңа, тиімді және қолжетімді препараттар мен қосылыстар табу өте маңызды.