Abstract:
Бұл мақалада авторлар дарынды балалармен, атап айтқанда, пәндік олимпиадаларға қатысуға дайындалатын оқушылармен жұмыс істеудің негізгі принциптерін қарастырады. Қазіргі уақытта пәндік олимпиадаларға бұрынғыға қарағанда азырақ мән беріледі. Алайда, олар білім беру мен адами капиталды дамыту бойынша мемлекеттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарына жетуде үлкен рөл атқарады, өйткені олар студенттердің құндылықтар жүйесін, ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға көмектеседі және әлемдік білім беру аренасында Қазақстанды танытады. Сонымен, олимпиадалық қозғалысты олимпиадалық оқушылармен жұмыс жасаудың ең жақсы тәсілдерін көрсететін ғылыми-зерттеу дәлелдерінің негізінде дамыту керек. Физика олимпиадасына студенттерді табысты дайындауға ықпал ететін негізгі факторлар, дағдылар мен қабілеттер қарастырып,
олимпиада оқушыларын даярлау жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың ұсыныстарын ескеріп, «Білім-инновация» мектептеріндегі физика
олимпиадаларына оқушыларды дайындаудың 20 жылдық тәжірибесін талдап, авторлар физика олимпиадасына оқушыларды дайындаудың өзіндік әдісін ұсынады. Осы әдіс авторларын жұмыс істейтін білім беру ортасы үшін тиімді болып дәлелденді.