dc.description.abstract |
Өзектілігі: Табу – ескі наным-сенім, яғни мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер. Табу сөздер төмендегідей негізде былай қалыптасқан: табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қолданған. Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, «жай түсті» десе, адамға кесірі тиеді деген сеніммен «жай» сөзін «жасыл» сөзімен алмастырып аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан «қасқыр» сөзін «ит-құс», «ұлыма» деген сөздермен алмастырып қолданған. Адамды
опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек
ауруының атын атамай, оны «қорасан» деген сөзбен ауыстырып айтқан.
Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы
адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерек-
шелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға
Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер
адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.[1; 110]. |
en_US |