dc.description.abstract |
Мақала халық ауыз әдебиетінің бір саласы – күлдіргі әзіл-қалжың әңгімелерді отандық ғалымдар көзқарастарына сүйеніп, қазақ ономастикасы аясында қарастырылады.
Автор қазақтың күлдіргі әзіл-әңгімелеріндегі «би-шешендер айтты» деген кейбір руларға қатысты қалжың, әзіл-оспақ сөздерге тоқталып, олардың ономастикалық кеңістіктегі қыр-сырын танып-білуге де болатынын алға тартады.
Мақалада күлдіргі әзіл-әңгімелері аясында да ру аттары кездесетінін назарға алып, ең алдымен, әр дәуірдің, әр кезеңнің ерекшелігіне, шындығына байланысты туған қалжың, әзіл-оспақ әңгімелер (анекдоттар) халқымыздың тарихымен, саяси-рухани, тұрмыс-тіршілігімен, тіпті, қазіргі қоғамдағы мінез-құлықты қалыптастыру мәдениетімен сабақтас екені де сөз етіледі.
Халық ауыз әдебиетінің күрделі де көркем дүниесі күлдіргі әзіл-әңгімелеріндегі ономастикалық атауларды жинақтап, оның ішінде қазақ руларының ешкімге ұқсамайтын ерекше бет-бейнесін «имиджін», «стереотипін» немесе «мінез-құлық прагматизмін» қазақ ономастикасы аясында кешенді түрде зерттеудің маңызы зор екенін ұсынады. |
en_US |