Abstract:
Бұл мақалада Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚПИ жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының«Биология» білім беру бағдарламасы бойынша биология мұғалімдерін даярлауда биологиялық пәндерді оқытуда жүйелік-белсенділік тәсілін қолдану тәжірибесі баяндалады. Жүйелік-белсенділік тәсілі болашақ мұғалімді әртүрлі күрделілік жаңашылдық және шығармашылық деңгейіндегі міндеттерді қоюға және шешуге дайын, белсенді, функционалды сауатты маман ретінде қалыптастыруды қамтиды.
Студенттердің өзіндік жұмысы болашақ маманның жалпы мәдени, жалпы кәсіптік, кәсіптік және арнайы құзыреттерін қалыптастыруға ықпал ететін танымдық белсенділікті, функционалдық сауаттылықты дамытуға және іске асыруға бағытталған оқытушының әдістемелік және ғылыми басшылығымен орындалатын оқу, ғылыми-зерттеу, кәсіби қызмет шеңберінде студенттің жүйелі жоспарланған аудиториялық және аудиториядан тыс белсенділігінде көрінеді.