Abstract:
Мақалада Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының топырақ және өсімдіктер жамылғысын анықтайтын топонимдер бірлестігі жөнінде сөз болады. Аумақтың ландшафт ерекшеліктерін сипаттайтын фитонимдер бірлестігінің табиғи зоналар бойынша таралу заңдылықтары мен бейнелену дәрежесі анықталды. Фитонимдерге талдау жасау барысында реликті маңызы бар қызылқайың, қараған, шілік атаулары мен осы ағаштардың бұрынғы ареалы анықталып, қалпына келтіруге алғышарт жасалды.