Abstract:
Тəңірберген Молдабай
Малға жарлы болса да,
Айтар сөзге, тілге бай…
Сөйлер сөзге келгенде,
Орынбордың алдында,
Тағалаған жорғадай, -
деп басталатын қазақтың ойнақы, күлдіргі, еркін құйылып, сан құбылатын ерке де, екпінді, жігерлі, қимыл-қозғалысқа жетелеп, тыңдаушының делебесін қоздыратын «Молдабай» əнін білмейтін қазақ некен-саяқ шығар?! Мақалада осы əннің шығу тарихы, орындаушылары жөнінде əңгіме болады.