Abstract:
Берілген мақала қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын
қарастырумен қатар, оларды жүйелі, əрі дұрыс пайдалануға бағытталған.
«Өнер алды – қызыл тіл», – дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тəрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да
оқушылардың тілін дамыту – тек əдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес,
ол бүкіл мектептің, барлық пəн мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы,
барлығына тəн бірыңғай талап.