Abstract:
Асан Қайғы дəуірінің Қазақ хандығының құрылуымен тұспа-тұс келуін үлкен жетістік дер едім. Себебі, Алтын Орданың күйреуін көрген Асан Қайғы кемел, дана, ойлы тұлға дəрежесіне жеткенде саяси үлкен тəжірибесі бар тұлғаға айналды. Көпті білген, бастан кешкен Асан Қайғының беделі зор еді. Мұның бəрі Жəнібек пен Керей сұлтандарға ауадай қажет еді. Себебі, түрлі рулар мен шағын хан тайпаларының басын біріктіріп, ұлы хандықтың құрамына ену үшін үлкен салада намысы бар, сөзін айтатын ардақты ойшыл қажет. Осы кезде Асан Қайғы жайлы сөз қозғалады.