Abstract:
Білім беру ісізаман талабына сай жаңа технологиялармен толығып, дамып, жетіліп отырады. Жаңартылған білім мазмұнының талабын қамтитын сол қатардағы педагогикалық тәсілдің бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Зерттеу мақаламызда бастауыш сыныпта оқушыларды сыни ойлауға үйретудің маңызын анықтадық. Ой мен сыни ойлау терминдеріне анықтама беріп отандық, шетелдік ғалымдардың тұжырымдамасымен дәйектедік. Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын сабақ барысында практикалық тұрғыда дамыту тәсілдерін көрсеттік.