Abstract:
Педагог кәсібі адамның нақты мүмкін болатын психикалық әлеуетінен асатын стресстік жағдайларға әкелетін қызмет түрлерінің біріне жатады. Мұғалімдердің жеке басының психологиялық әл-ауқаты мәселесі бүгінгі күні өзекті болып табылады. Мұғалімнің жеке басының психологиялық саулығы бұрын жеке категория ретінде зерттелмеген. Сол себепті өзіміз жұмыс жасайтын жалпы орта білім беретін мектепте кәсіби педагогтардың жеке басының психологиялық ерекшеліктері зерттеліп, сонымен қоса ұсыныстар беріліп, тұжырымдама жасалынды.