Abstract:
Бұл мақалада әртүрлі шифрлау параметрлері (p және q) бар алгоритмнің нәтижелерін зерттеу негізінде әзірленген блоктың ауыспалы фрагментациясы бар шифрлау алгоритмінің параметрлерін таңдау бойынша ұсыныстар берілген. Әр түрлі параметрлерді таңдау кезінде блоктың ауыспалы фрагментациясы бар алгоритмнің нәтижелерін зерттеу екілік көріністегі әртүрлі параметрлерді қолдана отырып, шифрланған тізбектерге статистикалық және графикалық сынақтарды қамтитын жалған кездейсоқ тізбекті тестілеу әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Статистикалық тест Д. Кнут тесттерінің жиынтығынан таңдалды, атап айтқанда корреляцияны тексеру. Графикалық тестілеу ретінде k-грамм үлестірімінің құрылысы жүргізілді. Жұмыста алгоритмнің әртүрлі шифрлау параметрлері (p және q) жұмысын зерттеу нәтижелері негізінде параметрлерді таңдау бойынша келесі ұсыныстар жасалады: p және q – өзара жай сандар, р-ішкі блоктарға тізбекті бөлу q-ішкі блоктарға (p > q) бөлінуден үлкен.