Abstract:
Бұл мақалада болашақ физика мұғалімдерін оқытуда жоба әдісін қолдану мәселесі қарастырылады. Жаңа білім беру стратегиясы дамушы технологиялардың көмегімен өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асырады, оның мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен қатар әр білім алушының шығармашылық қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау және дамыту, оның өзіндік өнімді қызметін ынталандыру болып табылады. Бұл жұмыста университеттердің бірқатар мамандықтарының физика курсында ӨЖМП жабындарын жағудың газотермиялық әдісін оқытудың әдіснамалық негіздерін әзірлеу нәтижелері келтірілген. Физика курсында ӨЖМП-нен коррозияға және тозуға төзімді жабындарды жағудың газотермиялық әдісін оқытудың әзірленген әдістемесін қолдану мысалында білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру траекториясы көрсетілген. Сондай-ақ, университеттің «Беттік инженерия және трибология» орталығының зертханаларында жүргізілетін эксперименттерде ӨЖМП жабындарын газотермиялық тәсілмен қалыптастырудың физикалық процестерін зерделеу кәсіби құзыреттіліктің нақты қалыптасуына, жоғары оқу орнында кадрлар даярлау сапасын арттыруға әкелетіні көрсетілген, бұл ЖОО-ның білім беру процесіне зерттеу мен сынаудың ғылыми әдістерін енгізудің көрнекі мысалы болып табылады.