Abstract:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру әдістерінің бірі – сабақта проблемалық жағдай туғызу. Оқушылардың білімді дайын түрде қабылдамай, өз бетімен меңгеруге тырысуын қамтамасыз ету қажет. Оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру – мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Ойлау процесі психикалық қиындықтардың пайда болуымен, түсініксіздіктердің, парадокстардың, проблемалардың пайда болуынан басталады. Бұл мақалада проблемалық жағдайларды жасаудың кейбір әдістері қарастырылады. Әрбір физика мұғалімінің оқу үрдісіне проблемалық жағдаяттарды енгізу дағдысын қалыптастыру оның педагогикалық шеберлігін дамытудың, оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жетудің шарты болып табылады.