Abstract:
Мақаланың мақсаты физикадан олимпиадалық есептерді шығаруда математикалық амалдарды тиімді қолдану болып табылады.Бұл жұмыс жалпы білім беретін орта мектептің және лицейлердің 9–11 сынып оқушыларына жалпы физикадан олимпиадаға дайындалуына көмек көрсету мақсатымен жасалған. Физикадан олимпиадалық есептерді шығару әдістемесі болашақ физика мұғалімдеріне, мектеп және лицейлерде жұмыс атқаратын мұғалімдерге көмекші материал болатыны сөзсіз. Сондай – ақ, қазақ тіліндегі олимпиадалық есептер жинағының жетіспеушілігі, оның ішінде математикалық анализ әдістерімен байланысты құрастырылған бірден – бір қажетті материалдар болып табылады.