Abstract:
Бұл мақалада автор қазіргі білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беру тәжірибесін қарастырады. Мақала инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі артта қалған оқушылардыңбейімделу, танымдық қабілеттерін қалыптастыру мәселелеріне арналған. Оқушылардыңоқу жағдайларына бейімделу танымдық қабілеттерін дамыту өте күрделі процесс болып табылады, оған ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың бейімделу, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту кіреді. Бейімделу оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі мәселелерді шешуді қамтиды.