Abstract:
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде құрастырылған «Әліппе» оқулығы туралы қарастырылады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік ой-пікірлерінің «Әліппенің» құрылымы мен мазмұнындағы орны туралы сипатталады. Әліппеде оқу материалдарын сұрыптау мен орналастыруда Ахмет Байтұрсынұлының сөздегі дыбыспен жаттығу; әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу; оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу ұстанымдары басшылыққа алынғандығы сөз болады. Ұлы ағартушы ұсынған дыбыстық жалқылаулы-жалпылаулы әдісі, оның ішінде «Шағын сөзді», «Жазу-оқу», «Дыбысты әдіс» түрлерінің тиімділігі жайында айтылады. Ахмет Байтұрсын ұлының «Әліппе» оқу бағдарламасында басшылыққа алынған әдістемелік ой-пікірлерінің түпнұсқаларымен қазіргі оқулықтағы және оқу бағдарламасындағы қамтылуына салыстырмалы талдау жасалады.