Abstract:
Өзектілігі және мақсаты:Қазіргі кезде ақыл-есі кем балаларды эстетикалық тәрбиелеу тәрбие жұмысының бағыттарының бірі ғана емес, сонымен бірге бірыңғай білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және қолайлы педагогикалық жағдайлар жасау кезінде ақыл-есі кем балалар өздерінің эстетикалық дамуында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алады.Музыка – балаларды эстетикалық тәрбиелеудің күшті құралдарының бірі, ол бізді қоршаған шындықты дыбыстық бейнелерде жаңғыртады. Музыканың әсері балалардың эмоционалды жағдайына жағымды әсер етеді, оларға жалпы моральдық, физикалық және ең бастысы – эстетикалық дамуға мүмкіндік береді.