Abstract:
Мақалада жеткіншектер девиациясы мәселесімен тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін метафоралық ассоциативті карталарға қысқаша шолу жасалған. Сонымен қатар, метафоралық карталар, оның артықшылықтары, түрлері және олармен жұмыс тәсілдері сипатталған. Карталардың психодиагностикалық және психокоррекциялық құрал ретіндегі мүмкіндіктері де баяндалған. Қазіргі қоғамда жеткіншектерде девиантты мінез-құлық көріністерінің артуы – болашақ үшін үлкен қауіп. Мақсат – жеткіншектік жастағы девиантты мінез-құлықтың көріністері, белгілері туралы ақпараттарды жалпылап, оны түзетудің тиімді, заманауи әдістердің бірі – метафоралық ассоциативті карталардың мүмкіндіктерін көрсету.