Abstract:
Өзектілігі: Ақыл-ой кемістігі бар бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін визуалды қабылдауды зерттеу мәселесі әсіресе өзекті болып табылады, өйткені мұндай балалардың визуалды қабылдауы ерекше сипатта болады. Ақыл-ой кемістігі бар балалар қоршаған әлемді жеткілікті түрде қабылдайды, бірақ бұл әлемді визуалды қабылдау процесінің өзі белсенді емес. Мақсаты: ақыл – ой кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының көру арқылы қабылдауын ойын арқылы қалыптастыру.