Abstract:
Мақалада қазіргі таңда қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табыладығы жайлы айтылады. Іскерлік және жеке қатынастарда адамдардың ашық және сенімді қарым-қатынастарға қарсылық құбылысын жиі байқауға болады.Бұл мақаладағы психологиялық кедергілер әртүрлі әрекеттерді орындауға кедергі келтіретін субъектінің пассивті психикалық жағдайы ретінде қарастырылады. Психологиялық кедергі эмоционалдық механизмі жағымсыз қобалжулар мен уаймдарды күшейтуде – ұяңдықты, кінәлі сезімді, үрейленуді, өзінің мүмкіншілігін төмен бағалауды, атқаратын міндетпен дұрыс байланыстырмағанда пайда болады.